Кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алған: Жамбыл облысында шенеунік сотталды

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Істің мән-жайы

20 наурызда Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Д.Кемеловқа үкім шығарды.

"Шенеунік жүк көліктерінің иелері мен жүргізушілері М.Мамыровтан, Н.Абдуллаевтан және Е.Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.

Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

Сот үкімі

Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа 5,6 млн теңге айыппұл салынды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!