- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кеденде электрмобильді қалай...
Кеденде электрмобильді қалай рәсімдеуге болады?
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері кеденде электрмобильді қалай рәсімдеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы" №107 шешімі 3-қосымшасының 9-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаға кедендік салықтар мен төлемдерден босатыла отырып, 1 электрмобиль әкелуге рұқсат етілгенін хабарлайды.
Кедендік рәсімдерден өту үшін:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат,
- иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар;
- тауарға ілеспе құжаттар (CMR, ТТН, инвойс, тех.төлқұжат);
- өз қолымен толтырылған жолаушы кедендік декларациясын кеден бекетінің инспекторына ұсыну қажет.
Бұл ретте, декларация бланкісі, оны толтырғаны және декларацияны тапсыру үшін ақы алынбайды.
Электрмобиль рәсімдеген азаматқа Ресей Федерациясының азаматтығы бар және Ресей Федерациясында тұрақты тұратын тұлғаларға кедендік тазартудан өткеннен кейін 3 жыл бойы иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығына шектеу қойылатынын ескертеміз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек