Қазақстан-Британ техникалық университеті 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өрт туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының 4-қабатында өрт шықты. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-қимылымен өрт тез арада оқшауланып, жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 11 қаңтарда кешке Алматы қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратынан өрт шықты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы ТЖД бастығының орынбасары Чайзада Бағдад ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Қазақстан-Британ университеті (ҚБТУ) ғимаратындағы өртке қарсы жұмыс істеп жатқанын айтты.
Өртті ауыздықтау 1951-1957 жылдары салынған, бес қабаттан тұратын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратының (Үкімет үйі) күрделі конструктивтік ерекшелігіне байланысты күрделене түскен.
Алдын ала мәліметтер бойынша төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!