Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты. Massaget.kz төтенше жағдай болып жатқан жерге барды.
11 қаңтарда кешке Алматы қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратынан өрт шықты.
Ғимарат маңында құтқарушылар, жедел жәрдем, полиция жұмыс істеді.
Төтенше жағдайлар департаментінің кейінгі мәліметі бойынша өрт оқшауланған.
"Өрт сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Процесс ғимарат құрылысының ерекшеліктеріне, қатты түтінге байланысты қиындады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы ТЖД бастығының орынбасары Чайзада Бағдад ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Қазақстан-Британ университеті (ҚБТУ) ғимаратындағы өртке қарсы жұмыс істеп жатқанын айтты.
Өртті ауыздықтау 1951-1957 жылдары салынған, бес қабаттан тұратын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратының (Үкімет үйі) күрделі конструктивтік ерекшелігіне байланысты күрделене түскен.
Алдын ала мәліметтер бойынша төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!