ҚБТУ-дағы өрт кезінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданған тарихи зал зардап шекті ме? Tengrinews.kz университетке ресми сауалмен жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тарихи кабинеттер зардап шеккен жоқ", - деп жауап берген Қазақ-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметінің өкілі.
Алайда университет өкілдері тиісті жұмыс істеліп жатқанын айтып, ғимараттың ішінен сурет-видео көрсетпеген.
"Қазір ғимаратта құзырлы органдар жұмыс істеп, бүлінген аумақ бағаланып жатыр", - деді ҚБТУ баспасөз қызметінің өкілі.
ҚБТУ ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимарат 1938 жылы салына бастады. Соғыс жылдарында құрылыс тоқтатылып, 1951 жылы қайта жанданды. Кеңес заманында ҚБТУ ғимаратында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі орналасты. Мұнда Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті орналасқан болатын.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі дөңгелек залда тарихи құжат - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.
2025 жылғы 11 қаңтарда кешке Алматы қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратынан өрт шықты.
Алдын ала мәліметтер бойынша төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінің төбесі жанған.
Өртті ауыздықтау 1951-1957 жылдары салынған, бес қабаттан тұратын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратының (Үкімет үйі) күрделі конструктивтік ерекшелігіне байланысты күрделене түскен.
Кейінірек өрт ауыздықталғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!