• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Қазыны шетелге қалай апаруға болады: қазақстандықтар өз тәжірибесін бөлісті

Қазыны шетелге қалай апаруға болады: қазақстандықтар өз тәжірибесін бөлісті
Фото: Коллаж: Massaget.kz/, depositphotos.com

Қазы - қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Шетелде тұратын немесе шетелге оқуға кеткен қазақстандықтар көп ұзамай қазақтың тағамдарын, соның ішінде қазыны сағынады. Желі қолданушылары қазыны шетелге қалай апарғандарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да қазақстандық әйел шетелге қазыны қалай апаруға болатынын айтып, әзіл ретінде лайфхак түсіреді. Ол қазыны қатырып, содан соң аспаздық пакетпен орап, оның сыртынан жұқалтырмен орап, сыртын киімдермен жауып, оны багажға тығып қою керегін айтады. Алайда ол кеден байқап қойса, айыппұлдан бастап депортацияға дейін әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Бұл видео көп пікір жинады. Желі қолданушылары өздерінің етті шекарадан өткізу оқиғаларын бөліскен.

Кей желі қолданушылардың айтуынша, қазыны дұрыс қаптаса және оның заттаңбасы болса, оны еш қиындықсыз өткізуге болады.

"Екі тілде құрамы жазылған заттаңбасы болса, Лос-Анджелесте және Сан-Францискода еш қиындықсыз өткізеді", "Піскен қазыны өткізуге болады. Пакетпен, содан соң пісірмеге арналған қағазбен, содан кейін газетпен ораңыз. Әркез солай жасаймын, ешқандай проблема болмады", "Егер оның зауыттық қаптамасы және құрамы жазылған заттаңбасы болса, оны өткізеді", - деп жазған желі қолданушылары.

Көпшілік қатты тексеріске тап болғанын айтты.

"Нью-Йорк әуежайында қазақстандық паспортты көрсе, бірден еттің бар-жоғын тексереді", "Мені Прагада 23 кг қазымен тоқтатты. Мен сертификат көрсетіп едім, ЕС оларда жұмыс істемейтінін айтты. Бірақ мені өткізді, ол өмірімдегі ең бақытты күн болды", "Бізді қазы тасымалдаушылар базасына енгізіп қойды, енді бізді әркез тексереді", "Олай істемеңіздер, қазір барлық қазақстандықтарды тексереді", - дейді саяхатшылар.

Ал біреулер кей елдерде ережені бұзу қымбат тұратынын ескертті.

"Еуропада 100 пайыз айыппұл төлейсіз. Мысалы, Польшада етті алып алады және 500 еуро айыппұл салады", "Стокгольмде, Арландо әуежайында 100 пайыз біліп қояды және 500 еуро айыппұл салады"," Ол үшін 500 долларлық үлкен айыппұл салынады және 10 жылға белгі қойылады", – деді пікір жазушылар.

Саяхатшылардың тәжірибесінен мұқият дайындықпен де қазының шекарадан өтіп кетуіне кепіл жоқ екенін көруге болады. 

Оқи отырыңыз: Ұшақта өзіңмен бірге алуға болмайтын заттар тізімі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова