- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазылар алқасына пайызын...
"Қазылар алқасына пайызын бөлесің" деді". Сағаділдә Үсіпәлі жас кезінде Заманбек Нұрқаділов өзіне пәтер бергенін айтты
Театр және кино актеры, сценарист Сағаділдә Үсіпәлі Нәзір Сүлейменнің Youtube-арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов баспана тарту еткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі 23 жасында Алматыдағы ат жарысына қатысып, "жігіт сұлтаны" атанған.
"Ат спортында жүздеген қатысушының ішінен 10 адам іріктеліп шықтық. Ал сол 10 адамның ішінен 2 ғана бәрінен өтіп кетіппіз. Өйткені онда жарыс өтетін алаңдардың аттары болды. Бас жүлде алуға кімде үміт болмады? Күрестен, қол күрестен, теңгілеуден, аударыспақтан құлаған адамдарда ешқандай мүмкіндік жоқ. Ал мен мұның бәрінен ең жоғарғы бал алдым. Ат спортына сирақтары ұзын жылқыларды әкелді, еңкейсең қолың жерге жетпейді. Мені оның алдында көлік қағып кетіп, аяғым сынған, содан бір тізем бүгілмейді. Алайда аттың сирақтары ұзын болғанымен, кішкене әлсіз екен, сөйтіп күш салып, еңкейсең қисайып бір жаққа кетіп қалады. Шауып көрейін дедім де жылдамдық қосып, жерге қолым жетуі үшін өзімді лақтырып жібердім. Теңгеге сәл жақындаған кезімде өзімді лақтырсам, ат теңгенің бәрін сүйреп әкететінін түсініп, солай әрекет еттім. Сөйтіп жігіт сұлтанын жеңіп алып, 23 жасымда Заманбек Нұрқаділовтан Алматыдан сол кездегі есептеу бойынша 1,5 бөлмелі пәтердің кілтін берді", - дейді ол.
Актер пәтер жеңіп алғанына алғашында мүлде сенбегенін де жасырмады.
"Баспананы жеңіп алғаныма соңына дейін сенген жоқпын. Кілтті алып, пәтерді барып көргенде де ішіп қарап жүріп, "мынау менің пәтерім болса, керемет қой" деп жүрдім. Құдды бір ертеңіне әкімшіліктен адамдар келіп, "пәтердің мынанша ақшасын төлеуің керек немесе қазылар алқасына мынандай пайызын бөлесің" дейтін секілді көрінді. Бірнеше күннен кейін Мұратжан ағаның алдына барғанымда, маған қарап қатты күліп, "сенімен ешкім таласпайды, біл сенің үйің, мә, кілтіңді ал" деді", - дейді актер.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Жеті жарғы» қашан жасалды? Оның жасалу себептері қандай?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә