Көптеген түлектер, талапкерлер, олардың ата-аналары өзіне сұрақ қояды: "Неліктен магистратурада оқу керек және шет тілдері бакалавры мен шет тілдері магистрі дипломының арасындағы айтарлықтай айырмашылық неде?"
Магистратурада оқу – бұл аналитикалық және тар профильді құзыреттерді қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ магистрде, педагогикалық және басқарушылық мансапты жалғастырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Жұмысқа орналасу кезінде және қызметкерлерді іріктеу кезінде HR мамандары магистр академиялық дәрежесі бар үміткерге бірауыздан артықшылық береді.
2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының базасында "шет тілі: екі шет тілі" мамандығына магистранттарды қабылдауды алғаш рет жүзеге асырды, бұл - университетте шамамен 10 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан осы атаудағы мамандық бойынша бакалавриатта оқудың логикалық жалғасы болды. 2020 жылы "Шет тілі: екі шет тілі"мамандығы бойынша докторантура ашылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – отандық білім берудің флагманы, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылып, "бакалавриат-магистратура– PhD докторантура"кадрларды даярлаудың заманауи үш сатылы жүйесіне көшуді жүзеге асырғаны белгілі.
ҚазҰУ-да болашақ тіл мамандары магистратурасының білім беру бағдарламалары даярлаудың екі бағыты бойынша жүзеге асырылады-ғылыми – педагогикалық және профильді. Сонымен қатар, университет түлектеріне ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасында оқу - белсенді зерттеу жұмысын, ғылым мен практиканың басым салаларында жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысуды көздейді.
Тәжірибе көрсеткендей, екі және үш деңгейлі лингвистикалық білім таңдалған оқу траекториясына байланысты жаңа пәндерді икемді енгізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде болашақ мамандарға болашақ мансабын ертерек құруға мүмкіндік береді. Егер бұрын магистратураны болашақта ғылым мен оқытуда өздерін көрген студенттер таңдаған болса, бүгінде білім беру бағдарламалары тәжірибеге бағытталған және тар мамандандыруға ие. Әрине, магистратура-PhD докторы дипломын алу үшін болашақ докторантураға түсуге дайындық.
Сөзсіз,оқу үшін маңызды мотивация гранттар мен стипендиялар болып табылады. Өзін ғылыми-зерттеу университеті ретінде көрсететін ҚазҰУ болашақ магистранттарға ғылыми-зерттеу құзыреттерін оқыту және дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынатыны белгілі. Біріншіден, бұл бюджеттік бөлімде оқып, стипендия алу мүмкіндігі. Екіншіден, университеттің білім беру бағдарламалары әлемнің үздік жоғары оқу орындарында міндетті ғылыми тағылымдаманы және академиялық ұтқырлық бойынша оқытуды көздейді. Мәселен, "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының магистранттары Түркияның тарихи жерінде орналасқан Каппадокия университетінде бір семестр бойы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Каппадокия университеті мен Қазақ ұлттық университеті серіктестер болып табылады, аталған жоғары оқу орындары арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты шартқа қол қойылған, бұл магистранттарға тегін негізде оқуға мүмкіндік берді. Каппадокия университеті, Невшехир қаласының жанында, Каппадокия деген атпен белгілі туристік аймақтың қақ ортасында орналасқан. Бұл университеттің бірегейлігі – негізгі әкімшілік ғимараттар, сондай-ақ магистранттар корпусы медресе мен жанартау үңгірлерінің ежелгі тарихи ғимараттарында орналасқан. Мұндай ерекше жерде оқу, әрине, ерекше атмосфераға ие болды және Түркияның өткен тарихы мен мәдениетіне енгендей, оқуға деген ынтаны арттырды. Айта кету керек, Университеттің ашылғанына көп болмаған, нақтырақ айтқанда 2005 жылы ашылған, бірақ қазіргі таңда көптеген факультеттері мен бүкіл әлемде сенімді серіктестері бар. Мысалы, Каппадокия университетінде гуманитарлық және экономикалық факультеттен бөлек, денсаулық сақтау және қолданбалы ғылымдар факультеттері де бар, олар аспаздық өнер мен гастрономияны, сондай-ақ авиациялық инженерияны қамтиды. Каппадокия университеті әртүрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен көңіл бөледі, университет үшін студенттердің ғылыми жетістіктері үлкен маңыздылыққа ие, және университеттің барлық бөлімшелері халықаралық ғылыми кооперацияны жүзеге асыруға тырысады. Академиялық ұтқырлықтан өту кезеңінде ҚазҰУ магистранттарына оқудың жалпы кредиттерінен басқа түрік тілі курстары да ұсынылды, бұл біздің магистранттардың пікірінше, түрік университетінің басшылығы тарапынан өте жақсы ойластырылған, өйткені күнделікті өмірде жергілікті тілді білмеу салдарынан коммуникацияда кейбір қиындықтар туындауы мүмкін.
ҚазҰУ магистранттарының Түркияда оқу кезеңі, бүкіл әлем бойынша мыңдаған студенттер сияқты, коронавирустық пандемиямен сәйкес келді. Көптеген мемлекеттер сияқты, Түркия да вирустың құрсауында қалды. Алайда, осыған қарамастан, оқу процесі тоқтатылған немесе баяулатылған емес, күндізгі оқу форматы жедел түрде қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, және біздің магистранттарда оқуда ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Университет жүйесі форс-мажорлық жағдайларға өзінің дайындығын толығымен көрсетті, бұл қазақстандық магистранттар таңдаған шетелдік жоғары оқу орнының жоғары деңгейін тағы бір рет дәлелдейді.
Карантин жағдайы қазіргі әлемнің адам қызметінің барлық салаларында, әсіресе білім беру саласында өте тез және қарқынды дамып келе жатқандығын тағы бір дәлелдеді. Оқыту мен зерттеудің жаңа технологиялары мен әдістері, жаһандану және жалпы интеграция жеке дамудың және мәдениетаралық қоғамда ақпарат алмасудың үлкен мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл тұрғыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болашақ тілтанушылардың мүмкіндіктерін дамытуға және іске асыруға үлкен үлес қосып, өз студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына жаңа білім алуға, дүниетанымын кеңейтуге, жаңа академиялық мәдениетке және білім берудің жаңа форматтарына ену үшін тамаша мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Ибраева Ж. К., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,
Темірхан Ж., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" Шет тілі: екі шет тілі " мамандығының 2 курс магистрі