Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша Азаматтық бақылау Қоғамдық қабылдау жобасы аясында Жеке кәсіпорындарындағы ішкі бақылау жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Қара шаңырақтың Керемет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы және өкілдері, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен жеке ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Жеке кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен ішкі бақылау жүйесі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру барысында туындайтын сауалдарға талқылау жүргізіліп, жеке кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау мен талдау, қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жолдарын көрсету, аталған салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша шараларды арықарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу секілді мәселелер қаралды. Дөңгелек үстел қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.