ҚазҰУ-да жаппай төбелес болды

ҚазҰУ-да жаппай төбелес болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) аумағында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде төбелеске 20-ға жуық адам қатысқаны туралы ақпарат тараған.

Алматы полициясы жаппай төбелес туралы ақпаратты растады.

"Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы барлар ұсталып, полицияға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова