- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазтеміртранстың" үш қызметкері...
"Қазтеміртранстың" үш қызметкері мен 16 кәсіпкер пара алып-бергені үшін кінәлі деп танылды
18 наурызда "Қазтеміртранс" АҚ-ның 4 қызметкері пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, олардың біреуі қайтыс болуына байланысты жазадан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 пара беруші жүк жөнелтуші-кәсіпкерлер де кінәлі деп танылды, 15 кәсіпкер шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, өйткені олар пара беру түрінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары туралы өз кінәсін толық мойындады, қылмыстың ашылуына ықпал етті және жасаған істеріне өкінді. Кінәні мойындамаған бір кәсіпкерге қатысты 49 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2022 жылы жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында "Қазтеміртранс" АҚ филиалының лауазымды адамдары мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, олар 2019-2022 жылдары жүктерді тасымалдау үшін қажетті вагондар тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға арналған вагондарды кедергісіз бергені үшін жүйелі түрде пара алған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан