“Қазсушар“ филиалының директоры мен қарамағындағылар қызметінен босатылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі ішкі тексеріс жүргізген, нәтижесінде 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік жыл басынан бері тексеріс жүргізген: 9 айда 11 мекемеге аудиторлық тексеріс жүргізілген.

"Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық дерегі, сондай-ақ шаруалар суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Аудит қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарға қатысты материалдар Бас прокуратураға жолданды", - деді Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!