Әлеуметтік желіде эксперимент жасап жүрген кәсіп иесіне тап болған әйел ақкөңілділігінің арқасында ойламаған жерден табысқа кенелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Донер сататын кафенің алдында әлеуметтік эксперимент жасап жүрген қыз бірнеше адамнан "Балама донер әпере аласыз ба?", - деп өтініш айтқан. Оның өтінішіне назар аудармай өтіп кеткендер де, сынағандар да кездесті. Бірақ орта жастағы әйел адам мейірім танытып қызға донердің ақшасын төлеп, тапсырыс берген.
Кәсіп иесі қиналған адамға қол ұшын созған бейтаныс әйелге адамгершілігі үшін 100 мың теңге табыстады. Алғашында не болғанын түсінбей абдырап қалған мейірімді әйел соңғы уақытта сырқаттанып жүргенін айтып ағынан жарылды. Желі қолданушылары "әлемде әлі де болса мейірімді адамдар бар" деп көзіне жас алғанын жазып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз