Уролог, андролог Еркебұлан Гулманов "Ozgerec" подкастына берген сұхбатында қазіргі жігіттердің 99 пайызы белсіз екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, белсіздікке әсер етуші ең алғашқы фактор - өмір салты.
"Егер шәуетграмма талдауының 1990 жылдардағы нормативтік көрсеткіші мен ең соңғы 2010 жылдың нәтижесін салыстыратын болсақ, бәрі құлайды. Егер осы екі жылдардағы еркектердің ұрығын салыстыратын болсақ, онда іс жүзінде 99 пайыз қазіргі ер адам белсіз болып саналады. Себебі, жылдан жылға ұрықтың көлемі төмендеп жатыр, мысалы 90 жылдарда норма бойынша 1 миллилитр шәуеттің ішінде 200 миллионға жуық ұрық болуы керек болса, қазір 15 миллион болса жеткілікті саналады. Қараңыз, қанша пайыз төмендеп кеткен. Әрине, бұл жүктіліктің болмай жатыр дегені емес, болып жатыр, бірақ менің айтқым келіп отырғаны, еркектің денсаулығы төмендеп жатыр. Сәйкесінше, ер адамдардың белсіздігі көбейіп жатыр. Жағдай осындай динамикада жоғарылай беретін болса, яғни ер адам тамағына, физикалық белсенділігіне, сыртқы келбетіне, жалпы өміріне қарамай кететін болса, ақыр соңы белсіз болады", - дейді Еркебұлан Гулманов.
Тағы да оқи отырыңыздар: WhatsApp-та блокқа салынғанымды қалай білуге болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!