Танымал әнші Ayree "Жарқын жүздесу" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірінің құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі қазіргі қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.
"Менің жүрегім қазір үйде. Ол менің ұлым - Әлімхан. Сондықтан, басқа адам мен махаббат маған әзірге қажет емес. Махаббат, жылулық, қолдауды маған ұлым береді.
Қазір қарым-қатынаста емеспін, бірақ жігіт дайын болса, қыз дайын. Менің ойымша, бәрі өз уақытымыен, Менің теңім бір жерде жүр", - деді ол.
Сонымен қатар, ол болашақ жары қандай болуы керек екенін де айтты.
"Негізінде мен ақшаға қарамайтын қызбын. Менің ойымша, сенің адамың сен үшін үй болу керек. Адамгершілігі мол, ана-анамды құрметтей білсе, мені және Әлімханды қабылдаса, бақытты қылам десе құшақ жая қарсы аламын", - дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Ұлым 12 жаста, ептеп сөйлейді". Әнші Ayree эксклюзив сұқбат бергені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ хандығы құрылғаннан кейін мемлекет билеушілерінің алдында қандай міндеттер тұрды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз