“Қазір толық жауапкершілік алатын уақыт“. Бектенов Үкіметтің жаңартылған құрамына үн қатты

“Қазір толық жауапкершілік алатын уақыт“. Бектенов Үкіметтің жаңартылған құрамына үн қатты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заңға сәйкес Үкіметтің жаңа мүшесі - төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ант берді.

"Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шара қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен сала бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет", - деді ол.

Олжас Бектеновтің сөзінше, "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруға тиіс.

"Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек. Қазір - толық жауапкершілік алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажет шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің сенімін толық ақтауымыз керек", - деді Үкімет басшысы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget