- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазір сериалға түсіп...
Қазір сериалға түсіп жүрмін, ал желідегі пікірлер маған айтарлықтай әсер етеді – Алина Ким
ARU LIFE жобасының жаңа қонағы – блогер және актриса Алина Ким. Ол жүргізуші Ольга Спиринаның сұрақтарына бүкпесіз жауап беріп, өмірі мен шығармашылығына қатысты маңызды мәселелерге де тоқтала кетті. Жобаның жаңа шығарылымын 26 шілде күні сағат 20:00-де Tengri TV YouTube-арнасынан көріңіздер. Жоба серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 5G технологиясын белсенді дамытуда.
Алина блогер, артист, тиктокер, медиа тұлға және жас актриса. Қазіргі таңда "Таргет" деген сериалға түсуде.
Сериалдың сюжетін толық айтып бере алмаймын. Басты рөл де емес, қосалқы рөл де емес. Бас кейіпкердің жан құрбысының рөлін сомдаймын – дейді тиктокер.
Алинаны тани түсу мен шығармашылығындағы жаңалықтарды хабарлау үшін ARU LIFE жобасындағы сұхбатынан үзінді ұсынамыз:
– Өзіңнің мегатанымал болғаныңды қай кезде түсіндің?
– Мегатанымал ма?
– Yolo-House құрамына кірмей тұрып танымал болдың ғой. Хауста танымалдылығың арта түсті.
– Шетелге шығып, шетелдіктер мені тани бастаған кезде шығар. Мені шет мемлекеттерге басқа жобаларға шақыра бастады. Сол сәтте түсінген сияқтымын.
– "Болды, мен енді жұлдызбын" деп пе? Жұлдыз ауруына шалдықтың ба?
– Иә, жұлдыз ауруымен ауырдым десем болады. Бірақ продюсеріміз өте қатал адам болды.
– Ауыруға мұрша бермеді ме?
– Жоқ, мұрша бермеді. Қара жұмыс істетіп, шарықтап кеткен бізді сабамызға келтіріп отыратын.
– Сен, жалпы, шаруаға пысықсың ба?
– Иә, пысықпын.
– Қазір жалғыз тұрасың ба?
– Иә, өзім тұрамын.
– Үй шаруасын өзің жасайсың ба?
– Өзім жасаймын. Тамақ пісіремін, үй жинаймын.
– Ас әзірлей аласың ба?
– Иә.
– Қай тағамды ерекше дәмді әзірлейсің?
– Дапанджи шығар.
Сұхбат барысында Алина кейінгі уақытта сырқаттанып қалғанын, сол үшін сериалда бір кадрды бірнеше рет қайта түсірулеріне де тура келген.
– Жақында ғана ауруханадан шықтым. Ем алып жатырмын. Тексерілген кезде панкреатит, асқынған гастрит, ішек инфекциясы, қыжыл мен асқазан жарасы анықталды.
– Рас па?
– Ашығуға болмайды. Өйткені ішім түйіліп, бірден ауырып қаламын. Сериалдағы соңғы 2 ауысымда бірнеше рет ауырып, жылап отырдым. Менің кесірімнен бірнеше рет кадрларды ауыстыруға тура келді. Түсірілім тобынан қатты ұялдым.
– Жап-жассың ғой, денсаулығыңды қалай нашарлатып алдың?
– Бала кезден ащы тағамдарды көп жеймін. Ащыны өте жақсы көремін. Дәмдеуіштер ұнайды. Олай болмайды екен. Ештеңе етпейтіндей көрінетін. Өйткені корей халқы...
– Олар солай тамақтанады.
– Олар үнемі ащы тағам жейді.
– Олардың ағзасы басқаша ғой.
– Жоқ, себебі ол емес екен. Ауруға тап қылмайтын лайфхактары бар. Олар ащы тағамнан соң, суға бал қосып, араластырып ішеді екен. Содан ащының әсері басылып, еш жерің ауырмайды. Қанша ащы тағам жесе де, ауырмайды.
– Жеке өмірің туралы сөз қозғадың. Жеке өмірің, жігіттермен қарым-қатынасың туралы айтқан сөздеріңнің үзіндісін оқып берейін. Сұхбаттарыңның бірінде сен: "Құрбыларымның бәрінің жігіттері бар. Мен томпақтау болғасын, маған ешкім қарамайтын. Екінші жартың болғанды сезіну қандай болатынын білгім келеді. Бірақ күн сайын жоспарланған жұмыстарым көп, сондықтан ол адамға тиісті уақыт бөле алмаймын деп ойлаймын. Жігітпен жүріп көргенім жоқ, әзірше аудиториямның махаббаты жеткілікті" депсің. Жүрегің әлі де бос па?
– Иә.
– Неге сенімсіздеу жауап бердің?
– Бос деп ойлаймын.
– Яғни, қазір жігітің жоқ, басың бос қой?
– Иә.
– Ал, болашақ қарым-қатынасыңды қалай елестетесің? Сен үшін мінсіз ер адам қандай?
– Шын жақсы көретін, қамқор, 24/7 қасымда жүретін, солай болу керек пе?
– Бәрінен шаршап, еш нәрсеге зауқың соқпайтын кездерің бола ма?
– Әрине. Қазір сондай күйдемін.
– Қазір ме?
– Иә, тым сабырлымын ғой.
– Ол неге байланысты?
– Бір нәрсені күтуге байланысты шығар. Қазір сериалға түсіп жүрмін. Мені таңғы сағат 5-те алып кетеді, кешке дейін ондамын. Үйге келіп, бетімдегі бояуды жуып тастап, жеңілдеп қалып, ұйқыға кетемін. Қазір күндерім осылай өтіп жатыр. Сериалға дейін дайындық жұмыстары кезінде бәрі басқаша болады деп ойладым. Ауысымнан келіп, бетімдегі макияжбен бірден видео түсіріп тастап, монтаждап, ертеңге дайындап қойып, ұйықтаймын деп жоспарладым. Бірақ екеуін қатар алып жүру қолымнан келмей жатыр. "Не істесем болады?" деп ойлап жүрмін, екі жақта да болуы керек қой. Қазір ол құпия ақпарат қой, адамдарға көрсетуге болмайды. Бірақ бөліскім келеді. 24/7 түсірілім алаңында жүріп, басқа қандай контент ұсына аламын?
– Түсірілім алаңындағы үзілістер кезінде, кадр ауыстыру кезінде контент түсіруге болмай ма?
– Үзілістер кезінде мен ұйықтаймын.
Актриса бағдарлама барысында болашағы жайлы сұрақтарға да жауап берді.
– Алина Ким 30 жасында кім болады?
– Тұрмыс құрған келіншек болатын шығар.
– Балалары бола ма?
– Тұңғыш баласы болады деп ойлаймын.
– Қанша балаң болғанын қалайсың?
– Төрт-бес балам болса деймін.
– Демек, көпбалалы отбасы болғанын қалайсың.
– Жанұям үлкен болғанын армандаймын. Бақта жиналып, үлкен дастарқан жайып, балаларым жүгіріп ойнап жүрсе. Балалар өсіп кеткен соң, олардың балалары келіп, мәз мейрам болып жатсақ. Осылай елестетемін.