"Қазір отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың". Ерке Есмахан не нәрсеге наразы екенін білдірді

Танымал әнші Ерке Есмахан хейтке жатып алған халыққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әншімен сырласқан оқырманы "Халық хейтке жатып алған. Адамдарға неге дым ұнамайды?" деп жазған екен. Ерке Есмаханды да осы мәселе көптен бері ойландырып жүрген болса керек, осы тақырыпқа қатысты жазба қалдырыпты. 

"Қазір отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың. Неге қасында, неге артында деп кез келген нәрсені іліп кете береді екенү Бұл елге алтын әкеліп, елдің атын шығарып әнұранды шырқатсаң да жақпайсың", - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар әнші бұл мәселеге жеңіл қараудың жолы мен шешімін де ұсыныпты. 

"Айтарым, хейтке немесе біреудің сөзіне бір тал нерв құртуға болмайды. Өз қалауыңмен, өз рахатыңа өмір сүр. Анау-мынау сөзден аса алмай жүрген жандар болса, вот сіздерге үлкен сабақ. Сөз ешқашан бітпейді!" - деді әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!