“Қазір келем“ деп кетіп, оралмады“. Жанар Айжанова марқұм күйеуін еске алды

“Қазір келем“ деп кетіп, оралмады“. Жанар Айжанова марқұм күйеуін еске алды
Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

Танымал әнші және актриса Жанар Айжанова әлеуметтік желіде марқұм күйеуін еске алып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Айжұлдыздың әкесімен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. Мына сурет күйеуім қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастар отырысында түсірілген. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызып, өзі де қосылып отырды. Құрдастары "сен де әнші болып кетпе" деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне "қазір келем" деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. "Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде. Ойыма түсіп кеткесін жаза салған шимайым ғой. Аллаға тәуба деп қояйын, шүкірміз", – деп жазды әнші. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова