Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады

"Қазпошта" АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.

"Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, "Касса24" терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады", - делінген ресми хабарламада.

Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес берді.

"Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді "Қазпошта" АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - дейді компания өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!