Қазпошта өкілдері филиалдардың бірінде жүк тиеу кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданында "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің қызметкерлері ғимарат кіреберісінен қара пакетті домалатып түсірген сәттің видеосы пайда болды.
"Telegram-арнасында жарияланған видеоға байланысты, видео авторының болжамы шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жөнелтілген қара пакеттерде хаттар мен сәлемдемелер болмаған. Барлық пошта жөнелтілімдері талаптарға сәйкес көліктерге тиеледі", - деді "Қазпошта" АҚ PR қызметі өкілдері.
Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер бар!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!