Қазпошта қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескерту жасады

Қазпошта қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

Киберқылмыскерлер пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлайды. Олар қазақстандықтарға QazPost атынан SMS-хабарламалар жібереді. Онда пошта пакеті қоймаға желкізілгені, бірақ мекен жайы дұрыс жазылмаған делінген. Оны хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, нақтылау қажет екен. Алайда сілтемені ашпаған жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтықтың бұл түрі туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен.

"Құрметті клиенттер, белгілі сайттан тауар сатып алып, банк картасының деректемелерін енгізуге сілтеме жіберетін алаяқтардың оқиғалары жиілеп кетті.

  • Ешқашан ешкімге банк картасының нөмірі мен CVV кодын айтпаңыз. Егер сіз дегенмен белгісіз сайтта төлем жасауды шешсеңіз, онда шешіміңіз үшін толық жауапкершілік өзіңізде болатынын есте сақтаңыз.
  • Егер сізге ресми атауы болуы мүмкін күдікті сайттарға кіру ұсынылса, сақ болыңыз, бұл айна сайттары. Олардың мақсаты – сіздің жеке деректеріңізді алу, тауарларды немесе жеткізілімді төлеу.
  • Егер сәлемде күтіп отырсаңыз, жеткізу күйін тек біздің post.kz ресми сайтында немесе мобильді қосымшада тексеруге кеңес береміз.
  • Қазпоштадан хабарламалар тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жіберіледі", - делінген хабарламада.

Қандай да бір мәліметтерді енгізуді сұраған осындай сілтемелердің таралуы – әлеуметтік инженерияның бір түрі. Бұл онлайн-алаяқтық, бұл ретте олар адамдардың жеке деректерін иемденеді: жеке аккаунттарының логиндері мен парольдерін, банк карталары туралы ақпаратты, мобильді қосымшалардың кодтарын және т.б..

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан