Республикалық "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің Photooner.kz сайты қайта іске қосылды. Бұған дейін жұмысы тоқтап тұрған сайтқа жаңа айдарлар қосылған. Сайт мақсаты – Қазақстандағы фотография саласын дамыту.
Бүгінгі күні, еліміздегі жалғыз ғана фотография саласындағы қазақ тілді қоғамдық бірлестіктің сайты болғандықтан сіздердің жанашырлық танытып,саналы да сапалы, мәнді де мағыналы дүниелер жариялануына,бізбен бірге атсалысуларыңызды сұраймын", - дейді бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы.
Сайтта бірнеше бөлім бар. "Фотоқазына" бөлімінде "Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері", "Қазақ фотошежірешілері" және "Ғасырдың көзі" атты фотоэнциклопедияларының тарихи суреттерін ұсынады. "Суреттер сөйлейді" бөлімінде түрлі фотожанрдың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен бірге оларды практикада қолдану үшін шеберлік сабақтары бар.