Қазнетте бағаны доллармен көрсетуге тыйым салынды

Интернет арқылы автомобиль немесе жылжымайтын мүлік сатқан кезде бағаны доллармен көрсетуге тыйым салынды, − деп хабарлайды "Колеса" және "Крыша" порталдары.

Басылымның мәліметінше, Қазақстанда 2016 жылдың 2 ақпанынан бастап Электрондық сауданы жүзеге асыру ережесі күшіне енді. Жаңа ереже бекітілген №720 бұйрыққа ҚР экономика вице-министрі Марат Құсайынов 2015 жылдың 25 қарашасында қол қойды. Құжат 2016 жылдың 22 қаңтарында ресми түрде жарияланды.

Жаңа ережеге сәйкес, делдал компания тауар бағасының ұлттық валютамен көрсетілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан тауар сататындар немесе қызмет көрсетушілер бағаны басқа валютамен емес, теңгемен көрсетуге тиіс.

"Колеса" порталының мәліметінше, соңғы бес ай ішінде Қазақстанда бағасы теңгемен көрсетілген автомобильдер 20 пайызға көп сатыла бастады.

Дереккөй:Tengrinews.kz