Қазнетте Атыраудағы ерекше той ырымы қызу талқыға түсті

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желі қолданушылары Атырауда өткен тойдың бірінде болған ерекше ырымды белсенді талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.

Желіде жылдам тарап кеткен видеода көлік жүргенде артынан ағаш қасық құлағанын байқауға болады. Кей желі қолданушылары бұл сәтті түсінбесе, басқалары сынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @_zharmenova_

"Мұндай ырым бізде жоқ", "Бұл қандай ырым, ол нені білдіреді?", "Сонда тағдырыңды ожау шеше ме?", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Атырау тұрғыны Бибігүл бұл ырым болашақ келіннің қандай болатынын білу мақсатында жасалатынын айтты.

"Күйеу аттандыру кезінде болашақ келін қандай болатынын білу үшін әдейі қасық лақтырады. Егер қасықтың ойыс беті жоғары қарап түссе, келін еркін және бірбеткей болады. Егер ойыс беті төмен қарап түссе, келін ақкөңіл және жұмсақ мінезді болады", - деп түсіндірді ол.

Ал тарихшы Салтанат Асанова мұндай дәстүрлер бергі бетте пайда болған дәстүрлер болуы мүмкін екенін айтты.

"Қазір ескі дәстүрлердің негізінде пайда болған немесе қайтадан ойлап тапқан ырымдар көп. Бұл ұлттық-мәдени жаңғыру кезеңіндегі табиғи процесс", - дейді маман.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова