Қазнетте ашуға мінген бұланның аңшыға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады

Қазақстандық мессенджерлерде ашулы, жаралы бұланның аңшыға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарап жатыр. Кейінірек видеоның Қазақстанда түсірілмегені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі RenTV телеарнасына сілтеме жасап.

Қазнетте тараған видеодағы Саха Республикасының тұрғыны болып шықты. Аңға шыққан ер адамдар өздерінің олжаға айналып кететінін ескермесе керек-ті.

Кадрлардан ер адамның бірі бұланға оқ атқан, содан кейін жаралы жануар аңшыға қарай жүгіргенін көруге болады. Досын бұлан тұяғымен қалай ұрып жатқанын көрген екінші аңшы жағдайды ушықтырмас үшін атуға батылы жетпеген.

Оқиғаны әуеліде видеоға түсірген көлік жүргізушісі ашуға мінген бұланды қорқытпақ болған көрінеді. Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!