- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "ҚазМұнайГазды" кім басқаратыны...
"ҚазМұнайГазды" кім басқаратыны белгілі болды
Асхат Хасенов "ҚазМұнайГазға" басшылық қызметке келді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 мамырда өткен компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Хасанов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.
2006-2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті болды.
2010-2011 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы.
2011-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.
2014-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.
2019 -2022 жылдары "Қазмұнайгаз" АҚ құрылымында жұмыс істеді.
Кейін Энергетика министрлігінде қызмет атқарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова