"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының орталық аппаратында оңтайландыру аясында 47 қызметкер қысқартылды. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания басшысының айтуынша, оңтайландыруға орталық аппарат қызметкерлерінің 10 пайызы ілінген.
"10 пайыз, яғни бұл - 47 адам", - деп нақтылады Асхат Хасенов.
Журналистер "қысқартылған қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған ба және өтемақыға қанша қаражат бөлінді"? деп сұрады. "ҚазМұнайГаз" басшысы барлық рәсім қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.
"Барлығы еңбек заңнамасы мен еңбек шарттары аясында жүзеге асырылып жатыр", - деді Асхат Хасенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова