- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "ҚазМұнайГаз" кен орындарынан...
"ҚазМұнайГаз" кен орындарынан мұнай сатудағы алыпсатарлық операциялар жайлы ақпаратқа түсінік берді
"ҚазМұнайГаз" Желідегі "Өзенмұнайгаз" компаниясы өндіретін мұнай бағасын белгілеуге қатысты ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған байланысты "ҚазМұнайГаз" мұнай өндіретін ұйымдарының, соның ішінде "Өзенмұнайгаз" АҚ-ты қоса алғанда, экспортқа шығатын барлық өнімін үшінші тарап, яғни жеке делдал емес, ҚМГ компаниялар тобының жүйелік трейдері сатып алатынын хабарлады.
"Өзенмұнайгаздың" экспортқа шығатын барлық мұнай көлемі әлемдік мұнай бағасына сай сатып алынады. Сондай-ақ ҚМГ ішкі нарықтың қажеттілігіне арналған ӨМГ өнімін де ешқандай делдалсыз сатып алады.
"Оның үстіне, ел халқын қолжетімді бағамен отынмен қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін сату кезінде шекті бағаны мемлекет белгілейді және бұл "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы үшін тиімсіз болып келеді. Шығынды азайту үшін өңдеуге жіберілетін мұнай кен орындарынан экспорт бағасынан төмен бағамен сатып алынып, мұнай өңдеу зауыттарына тікелей жөнелтіледі. Осылайша, "ҚазМұнайГаз" кен орындарынан мұнайды төмендетілген бағамен ішкі нарыққа сатып, оны одан әрі үшінші тұлғалардың экспортқа қайта сатуы бойынша алыпсатарлық операциялар жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады "Қазмұнайгаздың" баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан