Instagram-да "ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарға өтемақы төлей бастағаны туралы хабарлама тарады. Әрбір тұрғынға 208 мың теңге беріледі екен. Төлемді алу үшін күмәнді сілтемеге өтіп, жеке деректерді жазу керек. Бұл - интернет қылмыскерлердің ісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты пікір білдірді.
"ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарды Интернет желісінде сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады.
Төлем жарнамасы - фейк.
Ұсынылған инвестициялық мүмкіндіктердің немесе басқа ұсыныстардың дұрыстығына сенімді болу үшін әрқашан ресми сайт және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар сияқты ақпарат көздерін тексеру маңызды.
"ҚазМұнайГаз" kmg.kz бір ғана ресми сайты бар екенін ресми түрде мәлімдейді. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының атынан әрекет ететін барлық басқа сайттар алаяқтық болып табылады", – деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!