Бүгін, 30 қазанда Хромтауда Дөң тау-кен байыту комбинатының карьерінде апат болып, екі қызметкер қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шамамен сағат 13:30-да жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.
Бұл туралы компания мәлімдеді.
"Қазхром" ТҰК" АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деп хабарлады компания.
Компания екі адамның жол апаты салдарынан қаза болғанын айтты.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!