Қазгидромет су мен ауа сапасын көрсететін интерактив карта жасады

Қазгидромет су мен ауа сапасын көрсететін интерактив карта жасады
Фото: maps.hydromet.kz

"Казгидромет" кәсіпорны Қазақстанның атмосфера ауасы мен су сапасының көрсеткіштері жинақталған интерактив карта жасады. Оған 45 елді мекен кірген. 

Картаны maps.hydromet.kz сілтемесіне өтіп және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтынан көруге болады.

Атмосферадағы ауа сапасының көрсеткіші "AirKZ" мобильді қосымшасындағы ақпарат арқылы түзіледі. Онда 45 елді мекендегі атмосфералық ауаны ластаушы заттардың негізгі концентрациялары көрсетілген:

• шаң;
• РМ 10;
• РМ 2,5;
• диоксид;
• азот оксиді;
• көміртегі оксиді;
• күкірт диоксиді.

Ақпарат 84 автоматты станциялар көмегімен бір сағат сайын және тәулігіне үш рет 56 бекет көмегімен жаңартылып отырады. Ауа сапасы қызылдан жасылға қарай өзгеріп отыратын шеткі рұқсат етілген концентрация индикаторларымен өлшенеді.

Су сапасының көрсеткіштері ай сайын жаңартылып отырады. Мұнда су сапасы 8 класстан тұратын индикатормен көрсетіледі.

• жасыл түс – 1 класс (таза су);
• күрең түс – 5 класстан жоғары (лас су).

Елді мекендегі станциялар мен бекеттер көрсеткен ең төменгі көрсеткіш интерактив картаға енеді. 

Massaget