• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет Алматы мен еліміздің түрлі өңірлеріндегі қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"17 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 17 ақпанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с дейін жел күшейетінін хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget