Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"11 ақпанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады. Бұл қалалардағы ауа райы атмосферада лас заттар жиналуына ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 11, 12, 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері республиканың солтүстік облыстарының ауа райына солтүстік циклон ықпал етеді, ал оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен қар жауып, боран соғады, күндіз елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде аралас жауын-шашын жауады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!