Қазгидромет: биыл қыс қараша айында басталады

Биылғы қыс қатты әрі қарлы болатын түрі бар. Суық циклон елдің солтүстігіне қарашаның соңында жетеді. Қазгидромет мамандарының айтуынша, ауа температурасы ол кезде күндіз 12, түнде 20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Ал қытымыр қыстың алғашқы айы желтоқсанда термометр көрсеткіштері -45 градусты көрсетуі әбден мүмкін. Қардың ең көп мөлшері ақпан айында түседі деп топшылайды мамандар.

Баян Сазанова, «Қазгидромет» РМК гидромет орталығының директоры: - Бірінші онкүндік соңында және жаңа жылда суық ауа массаларының енуіне байланысты солтүстік және орталықта 28 градус аязға дейін төмендесе, шығыста 36 градусқа дейін төмендейді. Қаңтар айында қар аз жауады. Астанада ауаның ең төмен температурасы осыдан 63 жыл бұрын 52 градусқа жеткен екен. Ал биыл елорданың қытымыр қысы -35 градустан төмендемейді деп отыр мамандар. Ал көлік иелері қазанның соңына қарай қысқы дөңгелектерге ауысып үлгергендері абзал.

Дереккөз: bag.kz