“Қазгидромет“ ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті

"Қазгидромет" Астана, Алматы және тағы алты қала тұрғындарына ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" сегіз қалада ауаның ластанатынын ескертті.

"2024 жылғы 5 қазанда Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында  қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!