Қазгидромет Астана тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана мен тағы бірқатар қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"3 наурызда Көкшетау, Астана, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз