Қазгидромет Астана мен еліміздің әртүрлі өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"28 ақпанда Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей, Шымкент, Риддер, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 27 ақпан мен 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері де оңтүстік циклон ел аумағының басым бөлігіне ықпал етеді, сондықтан боран соғып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!