Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына тағы ескерту жасады

Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына тағы ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет Астана, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 22 шілдеде Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget