• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жолдады

Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жолдады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Астана, Алматы және еліміздің әртүрлі өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"25 ақпанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет ақпанның аяғына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері оңтүстік циклон елдің басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget