Қазгидромет Астана, Алматы және еліміздің әртүрлі өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"20 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 20, 21, 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше: мұнда баяу ығысып келе жатқан оңтүстік циклон ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтеріледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова