• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Қазгидромет“ Астана, Алматы және тағы 9 қала тұрғындарына ескерту жасады

“Қазгидромет“ Астана, Алматы және тағы 9 қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

"Қазгидромет" Астана, Алматы және Қазақстанның тағы тоғыз қаласының тұрғындарына қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 27 қаңтарда Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget