“Қазгидромет“ Астана, Алматы және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасады

"Қазгидромет" Астана, Алматы және Қазақстанның тағы сегіз қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 26 қаңтарда Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі" - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз