- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
“Қазгидромет“ Астана, Алматы және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасады
![“Қазгидромет“ Астана, Алматы және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасады](/userdata/news/news_124374/image_l.jpg)
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
"Қазгидромет" Астана, Алматы және Қазақстанның тағы сегіз қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2025 жылғы 26 қаңтарда Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі" - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә