"Қазгидромет" Астана, Алматы және Қазақстанның тағы бес қаласының тұрғындарына ауаның ластануына қатысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2025 жылғы 28 қаңтарда Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Балқаш, Жезқазған қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз