Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"5 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 4, 5, 6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері ауа райына Баренц теңізі аумағынан ығысып келген циклон әсер етеді, сондықтан елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғып, жел тұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!