“Қазгидромет“ Алматы тұрғындарына ескерту жасады

“Қазгидромет“ Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

"Қазгидромет" Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 29 қаңтарда Алматы, Атырау және Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget