Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"12 наурызда Павлодар, Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 11, 12, 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның солтүстік жартысындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді. Салдарынан қар жауады, боран соғып, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!