- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер болжамы
“Қазгидромет“ Алматы және Астана тұрғындарына ескерту жасады
"Қазгидромет" Алматы және Астана тұрғындарына ауа сапасы нашарлайтыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 24 қарашада Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске салайық, бұған дейін 23 қарашада Қазақстанның алты қаласында қолайсыз ауа райы күтілетіні хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан