Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған қысқаша ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамырдың соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Үш күн бойы батыс пен солтүстік-батыста, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде, ал 28-29 мамырда елдің солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашын дауылды желмен қатар жүреді. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз еліміздің батысында ауа температурасы 15-25 градус жылыға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта алғашқы күндері 17-25 градус жылы болса, кезең соңында 20-33 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста ауа температурасы 15-25 және 20-30 градус жылы аралығында құбылады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градус жылыға дейін төмендеп, кейін 27-38 градусқа дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget